2008 жылы Алматы қаласы бойынша салықтан мемлекеттік бюджетке 555,3 миллиард теңге түскен

АЛМАТЫ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2008 жылы Алматы қаласы бойынша салықтан мемлекеттік бюджетке 555,3 миллиард теңге түскен.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде қалалық салық департаментінің жылдық қорытынды жиналысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жоғарыдағы көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 17,4 миллиард теңгеге артып, жоспар 96 пайызға орындалған. Оның ішінде республикалық бюджетке 393,6 миллиард теңге салық түскен. Бұл 2007 жылғыдан 5,3 миллиардқа көп, бірақ биылғы жылғы жоспардан аз, яғни 94 пайызға орындалған. Жалпы 2008 жылы Алматыдан түскен салық Республикалық салықтың 25,5 пайызын құраған. Жергілікті бюджеттің түсімдері 161,7 миллиард теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша 12,2 миллиард теңге өсім бар. Қалалық салық департаментінің директоры Нұрила Үсенованың айтуынша, құрылыс көлемінің кемуіне байланысты бұл саладағы түсімдер азайған. Бұл көрсеткіш мұнай-газ, екінші санатты тауарлар өндіретін кәсіпорындарда да байқалады. Қаржы саласындағы құнды қағаздардың табыстылығы мен сақтандыру сыйақыларының азаюынан салықтық түсімдер кеміген. Салықтық түсімдердің азаюына кәсіпкерлердің 0 пайыздық көрсеткішпен салық есебін көрсетуі себеп болған. Өткен жылы қала бойынша бұл көрсеткішпен салық есебін өткізушілер 23,7 пайызды құраған. Ал бақылау-экономикалық жұмыстар нәтижесінде бюджетке 24,9 миллиард теңге сомасында салық, төлем, айыппұл аударылып, бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 9,4 миллиард теңгеге немесе 60,3 пайызға артқан.
Соңғы жаңалықтар