08:55, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
2008 жылы Алматы облысында тауарлар мен қызмет бағаларының өсуі байқалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2008 жылы Алматы облысының тұтынушылық рыногындағы тауарлар мен қызмет бағалары 2007 жылмен салыстырғанда, 8,8 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика басқармасынан хабарлағанындай, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар 9,9 және 5,1 пайызға қымбаттаса, ақылы қызметтер тарифі 11,3 пайызға өскен. Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішінен, қырыққабат, қызылша, сәбіз, алма, көк пияз, картоп, лимон бағалары анағұрлым қымбаттаса, есесіне асқабақ, жүзім, қияр, қызанақ бағалары біршама арзандаған. Шұжық өнімдерінің бағасы -12 пайызға, сиыр еті - 8,2 пайызға, жылқы еті ? 7,8 пайызға, шошқа еті - 6,2 пайызға, қой еті ? 4,3 пайызға, құс еті - 0,4 пайызға көтерілген. Ал нан-тоқаш өнімдері мен жарма өнімдерінің ішінен: күріш - 56,2 пайызға, тәтті нан - 35 пайызға, тары ? 28 пайызға, көк бұршақ ? 21,1 пайызға, макарон өнімдері -17,5 пайызға, ұн ? 15,9 пайызға, нан -11,6 пайызға қымбаттаған. Жұмыртқа бағасы 0,1 пайызға арзандаса, қант бағасы жыл басынан бастап 9,7 пайызға қымбаттаған.