2008 жылы Баку-Тбилиси-Жейһан құбыр желісімен 285,1 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданды

БАКУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, былтыр «Баку-Тбилиси-Жейһан» құбыр желісі арқылы Қазақстаннан 285,1 мың тонна көміртек шикізаты тасымалданды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Комитеттің ақпараты бойынша, БТД желісі бастау алатын Баку маңындағы Санчагал терминалына қазақстандық мұнай Ақтау айлағынан танкерлермен жеткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұнайы бұл құбыр желісімен 2008 жылдың қазан айынан бастап тасымалдана бастады. Оның ішінде, қазан айында 17,4 мың тонна, қараша айында 119,3 мың тонна, ал желтоқсан айында 147,4 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданды. Ал жалпы 2008 жыл бойынша Баку-Тбилиси-Жейһан құбыр желісі арқылы 32,8 миллион тонна мұнай тасымалданған, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 15,3 пайызға артық.
Соңғы жаңалықтар