11:37, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
2008 жылы бюджет қаражатының бос қалдықтары 6 млрд. 574,9 млн. теңгені құрады ? Үкімет есебі
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының бос қалдықтары 6 млрд. 574,9 млн. теңгені құрады.

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Парламентке ұсынған есебінде осылай делінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет есебіне сәйкес өткен 2008 жылғы республикалық бюджеттің кірістері 3 трлн. 317 млрд. 601,9 млн. теңгеге немесе 99,6 пайыз көлемінде атқарылған. Бұның ішінде салықтық түсімдер - 2 трлн. 71 млрд. 407,2 млн. теңгені құраса, салықтық емес түсімдер - 72,8 млрд. теңге болып отыр. Ал есепті кезеңдегі бюджет шығыстары 2 трлн. 703 млрд. 567,1 млн. теңгені немесе 99,5 пайызды құраған. Сонымен бірге, былтыр қаржы активтерін сатып алу 100 пайызға орындалып, 899 млрд. 465,2 млн. теңге мөлшерін құрап отыр. Сондай-ақ 2008 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі 327 млрд. 478,5 млн. теңге шамасында атқарылған.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша Парламент Мәжілісі маусымның 10-ына дейін қорытынды шығаратын болады.