2008 жылы елорда жолдарындағы өлім-жітім 25 пайызға, жарақаттанғандардың саны 34 пайызға азайды

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Былтыр елордада жол қозғалысы ережелерін бұзудың 230 фактісі анықталды.
None
None
Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың және Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен 2008 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиында ІІД бастығы Марат Демеуов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Астана бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жыл ішінде 230 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 630 млн. теңге айыппұл салынды. Айыппұлдардың есебінен қазынаға 400 млн. теңге түсті», дейді М.Демеуов.Сонымен бірге мас күйінде рөлге отырған 7,5 мың жүргізуші ұсталды. Олардың барлығы жүргізу куәліктерінен айырылды. Жұмыстың қарқынын үдетудің негізінде қалада орын алған апаттар саны 24 пайызға кеміген. Адам өлімі саны 25 пайызға, жарақаттанғандардың саны 34 пайызға азайды, деп атап көрсетті Ішкі істер департаментінің бастығы.
Соңғы жаңалықтар