2008 жылы Қазақстандағы депозиттердің жалпы көлемі 5408,6 миллиард теңгені құрады

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – 2008 жылы Қазақстандағы резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 39,0 пайызға өсіп, 5408,6 миллиард теңгені құрады.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заңды тұлғалардың депозиттері 60,1 пайызға ұлғайып, 3935,6 миллиард теңгеге, жеке тұлғалардың депозиттері 2,8 пайызға көбейіп, 1473,0 миллиард теңгеге жетті.Ал ұлттық валютадағы депозиттер 32,0 пайызға артып, 3491,8 миллиард теңге, шетел валютасындағы депозиттер 54,0 пайызға ұлғайып, 1916,8 миллиард теңге болды. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 68,0 пайыздан 64,0 пайызға дейін төмендеген.Өткен жылы халықтың (резидент еместерді қосқанда) банктердегі салымдары 3,6 пайызға ұлғайып, 1500,0 миллиард теңге болған. Ал заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,7 пайызды, ал жеке тұлғалардың депозиттері 11,3 пайызды құраған.
Соңғы жаңалықтар