2008 жылы Қазақстанның тауарлар экспорты 72 миллиард долларды құрады - Ұлттық банк

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – 2008 жылы Қазақстанның тауарлар экспорты 72 миллиард долларды құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 49 пайызға өсті. Бұл көрсеткіштер бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк өкілдерінің есебінен белгілі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеден статистикасының деректері бойынша, тауар экспортының 43,5 миллиард доллары мұнай және газ конденсатының экспортына тиесілі. Ал тауарлар импорты 38,5 миллиард долларды құрады, бұл 2007 жылға қарағанда 15,7 пайызға жоғары. Импорттың 80 пайызға жуығы аралық өнеркәсіптік тұтыну және инвестициялық тауарларға тиесілі, олардың импорт көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 22 пайызға ұлғайған. Ал импорттың төмендеуі азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларының тобы бойынша ғана байқалды, осы тауарларды әкелу 19 пайызға азайған. Импорттың аса көп өсуі азық-түлік тауарларының тобы бойынша сезілді.Ол 2007 жылмен салыстырғанда 33 пайызды құраған. Сауда операцияларының оң сальдосы 2008 жылы 33,5 миллиард долларды құраған, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 2,2 есе жоғары. Сондай-ақ өткен жылы Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың нетто-ағыны 12,4 миллиард долларды құраған. Қазақстан резиденттерінің шетелдік еншілес кәсіпорындарға инвестициялары көлемінің өсуі 4,2 миллиард доллар болып, тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 8,2 миллиард долларды құрады.Ал банктердің резидент еместерге борыштық капитал түрінде ұсынылған сыртқы активтері 2008 жылы 1,6 миллиард долларға өскен, ал 2008 жылғы 4-ші тоқсанда 318 миллион долларға төмендеген. Банктердің сыртқы міндеттемелері 6,9 миллиард долларға азайып, оның ішінде 4-ші тоқсанда төмендеуі 2,7 миллиард доллар болған.
Соңғы жаңалықтар