14:12, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
2008 жылы құрылыс компанияларына кең ауқымды тексерулер жүргізілді ? Алматы прокуратурасы
АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Өткен жылы үлескерлердің құқықтарын қорғау бағытында Алматы қаласындағы құрылыс компанияларына кең ауқымды тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл шара 65 құрылыс компаниясын қамтыды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қала прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тексеру кезінде үлескерлердің қаржыларын мақсатсыз пайдалану, құрылысты арнайы рұқсатсыз жүргізу, тиісті актісі жоқ құрылыс нысандарын пайдалануға беру секілді оқиғалар әшкереленді.Үлескерлердің құқықтарын қорғау және мақсатсыз жұмсалған қаржыны қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында прокуратура 123 жылжымайтын мүлік нысанын және 160 автокөлікті тұтқындады. Бұған қоса, «Алматы технологиялық паркі» АҚ және «Кереге Инвест» ЖШС қарасты «Недвижимость Алматы» АҚ акциялары тұтқынға алынды.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында еңбек заңнамасы бойынша маңызды тексерістер жүргізілді. Нәтижесінде, қаладағы кәсіпорындарда жалпы сомасы 303 028 430 теңгені құрайтын еңбекақылар төленді, 2836 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.