12:46, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
2008 жылы республикамызда ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы жалпы алғанда 19,3 пайызға өскен
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылы республикамызда ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы жалпы алғанда 19,3 пайызға өскен.
Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жыл ішінде жеміс-жидек өнімдері 21,3 пайызға, мал өнімдері 16,8 пайызға қымбаттаған. Атап айтқанда, 2008 жылы картоп 22,8 пайызға, сәбіз ? 34,1 пайызға, қызылша ? 32,1, пияз ? 28,2, қырыққабат ? 2,3 пайызға қымбаттаған. Ал малдың барлық түрлерін қоса алғанда ет бағасы өткен жылы 18,8 пайызға өскен. Мәселен, шошқа еті ? 22,1 пайызға, жылқы еті ? 20,7 пайызға, ірі қара малдың еті ? 20 пайызға, қойдың еті ? 12,8 пайызға көтерілген. Сонымен бірге, өткен жылы бал бағасының өсуі 54,5 пайызды құраса, қымыз 40,4 пайыз, сиыр сүті - 20 пайыз, шұбат ? 13 пайыз, жұмыртқа 51 пайыз қымбаттаған.
Мамандардың айтуына қарағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылу индексі ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының құбылуымен сипатталады, оның ішінде өткен жылы отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің көбірек өндіріліп, олардың сатылатын арналары да кеңігендігі әсер еткен болып отыр.