2008 жылы жеке сауда айналымы төмен болды

АҚТАУ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Жедел мәліметтер бойынша Маңғыстау облысында 2008 жылы жеке сауда тауар айналымының көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген.
None
None
Ал желтоқсан айының өзіндегі тауар сату 3394 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылдың желтоқсан айынан 4,7 пайыз азайып, 2008 жылғы қараша айынан 3,7 пайызға көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Өткен жылы азық-түлік және азық-түлік емес, аралас базар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қызметтерінен алынған жеке сауда тауар айналымының көлемі 5233 миллион теңгені құрады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға төмен. Ал 2008 жылғы желтоқсанда алдыңғы жылдың осы айымен салыстырғанда сауда айналымы 12 пайызға азайған. Облыстағы көтерме сауда тауар айналымының көлемі бұл жылы 78918 миллион теңгені құрап, 2007 жылдағы көрсеткіштен 31 пайызға артты. Барлық сауда айналымы мемлекеттік емес сектордың үлесінде. Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 6293 миллион теңге болды. Бұл 2007 жылдан 22,4 пайызға артық. Ал автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу және техникалық жабдықтау қызметінің көлемі 269 миллион теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар