2009 жылдың алты айында қазақстандықтардың ақшалай номиналдық кірісі 193 мың 459 теңгені құрады

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында қазақстандықтардың  ақшалай номиналдық кірісі 193 мың 459 теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте «Нұр Отан» ХДП Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Әбдішев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасында қазақстандықтардың орташа айлық табысының деңгейін 2 еседен астамға ұлғайту көзделген. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығын алып қарайтын болсақ, халықтың ақшалай номиналдық кірісі 193 мың 459 теңгені құрады,  жан басына шаққанда 32 мың 243 теңгеге өсті, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37, 6 пайызға артық.  Нақты көрсеткенде халық кірісінің өсімі 8,1 пайызды құрады», деді Б. Әбдішев брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, халықтың кірісі негізінен еңбекақымен қамтамасыз етілген. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бір жұмысшының орташа айлық номиналды еңбекақысы 64 мың 645 теңгені құраған және 2007 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 32,3 пайызға артқан.

«Халықтық тұғырнамада мұғалімдердің, дәрігерлердің және бюджеттік саланың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын кемінде 2 есеге көтеру көрсетілген. Бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық лауазымдық жалақысы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 10 мың 890 теңгені құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайды. Біз 2010 жылы бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық лауазымдық жалақысын 13 мың 600 теңгеге, 2011 жылы 17 мың 690 теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді Б. Әбдішев.

Соңғы жаңалықтар