2009 жылғы мамырдың 1-гі алдын ала мәліметтер бойынша, мемлекеттік бюджетке 1 трлн. 068 млрд. теңге түсім түсті - Қаржы вице-министрі

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылғы мамырдың 1-гі алдын ала мәліметтер бойынша, мемлекеттік бюджетке қарыз есебінсіз 1 трлн. 068 млрд. теңге түсім түсті. Осылайша жоспар 100,8 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген кеңесінде
None
None
Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, көрсетілген кезеңде мемлекеттік бюджеттің шығындары, қарыздарды өтеу есебінсіз, 1 трлн. 14 млрд. 700 млн. теңгені құраған немесе жоспар 86,6 пайызға орындалған. «111,4 млрд. теңге сомасында жоспарланған тапшылық кезінде іс жүзінде 53,3 млрд. теңге сомасында профицит қалыптасты», - деді Вице-министр.
Соңғы жаңалықтар