15:22, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
2009 жылы Қазақстан «Теңізшевройл» компаниясының қызметінен 5,5 миллиард доллар пайда көрді
АТЫРАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2009 жылы Қазақстан Теңіз және Корольдік кеніштерінде мұнай өндіретін «Теңізшевройл» компаниясының шаруашылық қызметінен 5,5 миллиард доллар пайда көрді.

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің үйлестірушісі Светлана Қайырғалиеваның хабарлағанындай, жалпы төлем сомасына роялти, түрлі салықтар, компанияның қазақстандық қызметкерлеріне жалақылар, қазақстандық өндірушілерден тауарлар мен қызметтер сатып алуға жұмсалған қаржылар кіріп отыр.
ТШО тарапынан ең үлкен төлем сомасы - 8 миллиард доллардан астам сома - 2008 жылы тіркелді. Бұл көрсеткіш сол жылдағы әлемдік нарықтағы мұнайдың жоғары бағасына байланысты. Бірлескен қазақстан-американ мұнай өндіруші кәсіпорны құрылған 1993 жылдан бері Қазақстан оның қызметінен 36 миллиард доллар пайда көрді.