2009 жылы республикада 20,8 млн. тонна астық және бұршақ тұқымдас дақылдар жиналса, оның 81,9 пайызын бидай құрады

АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылы республикада өңдеуден кейінгі салмағы 20,8 млн. тонна астық және бұршақ тұқымдас дақыл жиналды, оның 81,9 пайызын бидай құрады.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, астықтың негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстан (27%), Ақмола (24,3%) және Қостанай (23,6%) облыстарында өсірілген.

Ал картоптың мол түсімі Алматы облысында (республикалық көлемнің 20,8%-ы), күнбағыс - Батыс Қазақстанда (51,8%), көкөніс және бақша дақылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстарында (29%) жиналған.

Барлық астық және бұршақ тұқымдас дақылдардың үштен екі бөлігіне жуығы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсіріліп, жиналған. Майлы дақылдар түсімінің жартысынан астамын шаруа қожалықтары, ал картоп түсімінің төрттен үш бөлігіне жуығын - халықтың жеке шаруашылықтары өндірген.

Соңғы жаңалықтар