2009 жылы республикада 20,8 млн. тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды - Статистика агенттігі

АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылы республика бойынша іріктелгеннен кейінгі салмақта 20,8 млн. тонна  дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.
None
None

Бұның 81,9 пайызын  бидай құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дәнділердің негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстан (жалпы жинаудың 27 пайызы), Ақмола (24,3 пайыз) және Қостанай (23,6 пайыз) облыстарында өсірілді.  Сондай-ақ, ең үлкен картоп түсімі Алматы облысында (республикалық көлемнен 20,8 пайыз), күнбағыс - Батыс Қазақстан (51,8 пайыз), көкөніс және бақша дақылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстарында (29 пайыз) жиналды», делінген баспасөз баянында.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, барлық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың үштен екі бөлігіне жуығын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өсіріп, жинаған. Ал майлы дақылдар түсімінің жартысынан астамын шаруа (фермер) қожалықтары, картоп түсімінің төрттен үш бөлігіне жуығын - тұрғындар жинаған.

Соңғы жаңалықтар