2009 жылы республикада 360 177 нәресте дүниеге келді - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен 2009 жылы республикада дүниеге келген 360 177 нәрестенің 53 324-і түрлі патологиялармен туған.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мұхтар Төлеутаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Төлеутаевтың айтуынша, 2009 жылы балалардың туу көрсеткіші (360177) оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 987-ге (365164) аз болған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2009 жылы нәрестелердің шетінеу көрсеткіші тірі туылған 1000 балаға шаққанда 18,4 пайызды құрады. 2008 жылы бұл көрсеткіш 20,76 пайыз болды. Нәрестелердің өлімімен аяқталған оқиғалардың анағұрлым жоғары көрсеткіштері Шығыс Қазақстан (22,7), Қызылорда (21,6), Маңғыстау (21,5) және Оңтүстік Қазақстан (20,7) облыстарында тіркеліп отыр», - деп атап өтті ол.

Ал ана өлімінің жоғары көрсеткіштерін М.Төлеутаевтың сөзіне қарағанда, Атырау (57,0), Маңғыстау (55,9), Қызылорда (42,6). Қарағанды (42,6), Жамбыл (40,1), Ақмола (39,3) және Оңтүстік Қазақстан (37,1) облыстары көрсетіп отыр.

Сондай-ақ министрлік өкілі «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2009 жылы перзентханаларды салу көзделмегенімен, үстіміздегі жылы оның шеңберінде Астана қаласында жаңа перзентхана бой көтеретіндігін мәлім етті. Бағдарламадан тыс ағымдағы жылы Байқоңыр қаласында және Қызылорда облысында осындай медициналық мекемелерді іске қосу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар