2009 жылы ТМД-ның барлық басты органдарында Молдова Республикасы төрағалық етеді

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Тәуелсіз мемлекеттер достастығында жаңа жыл ұйымдастыру шараларымен басталып отыр. Достастық тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшылары кеңесіне, Үкімет басшылары кеңесіне, Сыртқы істер министрлері кеңесіне, Экономикалық кеңеске, Тұрақты өкілдер кеңесінде және Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияға төрағалық міндеттерін жыл бойына
None
None
бір ғана мемлекет атқаратын болады. 2009 жылы бұл міндет Молдова Республикасына жүктеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Достастықтың Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жаңа шарт 2008 жылы қазанның 10-ында Бішкек саммитінде қабылданған Достастықтағы төрағалық туралы ережемен қарастырылып отыр. Құжат Достастықты нығайтуға және дамытуға, ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға, Достастық міндеттерін жүзеге асырудың сабақтастығын қамтамасыз етуге қолдау болады. Ережеге сәйкес, төрағалық етуші тарап жалпы Достастықтың және оның органдарының жұмысын ұйымдастырып, Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына өзі төрағалық етіп отырған кезеңдегі Достастық жұмысының басымдықтарын ұсынады және оларды орындау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіреді, шешімдердің орындалу барысына мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда, Достастық қызметінің өзекті мәселелері бойынша қатысушы-мемлекеттермен кеңес беру шараларын өткізеді.
Соңғы жаңалықтар