2009 жылы Үкімет бірінші кезекте ағымдағы шығындарды қаржыландырады - Елбасы

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылы Үкімет бірінші кезекте ағымдағы шығындарды қаржыландыратын болады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Сондықтан қандай да бір шығындарды қысқартуға тура келеді, қазір қаржыны үнемдеу керек. 2009 жылы Үкімет бірінші кезекте ағымдағы шығындарды қаржыландыратын болады. Барлық жерде қаржыны қатаң үнемдеу режимін енгізу керек. Бұл мемлекеттік мекемелерге, барлық деңгейдегі әкімдіктерге, барлығына қатысты», деді өз сөзінде Елбасы. «Алайда біз «Нұр Отан» партиясының сайлаушыларға берген әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау үшін бәрін жасауымыз қажет. Партияның бұған қажетті тетіктері мен ресурстары бар», деп нақтылады сөзін Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар