2009 жылы жалпы елімізде ақпараттандыру нарығы 90 млрд. теңгені құрады - Байланыс және ақпарат министрі

ыркүйектің 17-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазіргі қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты ақпараттандыру секторы бойынша жалпы ақпараттандыру нарығы 2009 жылы 90 млрд. теңгені құрады. Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан ІТ-компанияларының ІІ-съезі барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев осылай мәлім етті.
None
None

«Дағдарысқа қарамастан, мемлекет ақпараттандыру қызметтерінің үлкен тапсырысшысы болып қалуда. 2009 жылы бюджеттен ақпараттандыру технологияларына 38,8 млрд. теңге инвестиция бөлінді. Қазақстан аумағында қазіргі уақытта 706 ақпараттандыру компаниялары тіркелген. Соның ішінде 423 компания ақпараттандыру нарығында белсенді жұмыс атқаруда», деді министр.

Сонымен бірге, сала басшысы 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына тоқтала келе, бұл бағытта ақпараттық-коммуникациялық саланың «болашақ секторы» ретінде белгіленгенін атап өтті. Аталмыш бағытты тиімді жүргізу мақсатында Байланыс және ақпарат министрлігі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуға арналған салалық бағдарламаны әзірлеген. «Отандық және шетелдік ІТ-компаниялар, Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірлесе әзірленген осы бағдарламада 7 басым бағыт айқындалған. Бұл ретте ең бірінші кезекте жоғары технологиялық өндірісті дамытуға баса назар аударылады», деді А. Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар