2009 жылы Жамбыл облысының аграрлық секторын дамытуға бес миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалатын болады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2009 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барлық кіріс көздерінен 5,2 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараты бойынша, ағымдағы мақсатты трансферттерді субсидиялауға, ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары арқылы - 1,9 млрд. теңге, «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ы арқылы ? 886,7 млн. теңге, облыстың иновациялық қоры жүйесі бойынша ? 50 млн. теңге бөлінеді.«Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы және жергілікті бюджеттің қаржысын пайдалана отырып, ауылға арналған шағын несие көлемін ұлғайту жөнінде шешім қабылдап жатыр. Осылардың есебінен ауыл шаруашылығының басымдық берілген дақылдарын өндіру, жаңа ресурс сақтағыш, оның ішінде тамшылатып суаратын технологияны дамытудың үрдістерін сақтап қалу мүмкіндігі шешілмек.Мәселені шешу үшін, «ҚазАгро ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымдары арқылы тауар өндірушілер бірлестігін және жеңілдетілген несиелер мен лизингтер беретін шағын несие ұйымдарын құру қажет. Аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мәселелерін шешуде «Оңтүстік» ӘКК» АҚ-ының өткен 2008 жылы құра бастаған қызмет көрсету-дайындау орталықтарының игілікті ықпалы болады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар