2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында өндірістік көрсеткіштер серпіні жіті айқындалған - А.Күрішбаев
«Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ірі ауқымды міндеттері белгіленген. Бұл міндеттер Ауыл шаруашылығы министрлігі жасаған 2010-2014 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының негізіне алынды. Оны жасаудағы инновациялық тұрғы біріншіден, ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтар қажетсінетін өнімдер өндірісі, екіншіден, заманауи технологияларды өндіріске енгізу үдерісінде ынталандыру үшін қолдаудың ықтимал шараларын барынша пайдалану болуы тиіс. Үшіншіден - бұл жүзеге асырылатын шараларды айқын нақтылай түсу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың неғұрлым басымдықты, перспективалық сегіз шеберлік-жоспарларын жасау» - деді министр.
А.Күрішбаевтың айтуынша, бұрынғы қабылданған бағдарламалардан өзгешелігі - бұл құжатта мақсатты өндірістік көрсеткіштердің серпіні бойынша жалпы міндеттер әр ауданға, әр ауылдық округ және тіпті әрбір кәсіпорынға дейін бөлініп жіті айқындалған.