2010 жыл Қазақстан мен Бельгия үшін ерекше және ынтымақтастықты дамытуда серпінді жыл бола алады

РЮССЕЛЬ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Брюссельге жұмыс сапарының аясында ақпанның 24-25-інде Еуропалық комиссияның «Әділ сот, бостандық және қауіпсіздік»
None
None

бас директоратының көші-қон және визалық саясат халықаралық мәселелері жөніндегі бас әкімшісі Дафна Гугумен және Еурокомиссияның Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелерін үйлестіруші жауапты қызметкерлермен кездесті.

Еурокомиссияда болған келіссөздерде Қазақстан азаматтарының шенген визасын алу амалдарын оңтайландыру мәселелері талқыланды және Қазақстан мен Еуроодақтың арасында сәйкес келісім жасау жөніндегі келіссөз үдерісін жеделдетудің, сондай-ақ тақырыптық семинарлар өткізудің қажеттілігі атап көрсетілді. Еуропалық тарап, визалық режимді оңтайландыру жөніндегі келіссөздердің басталуына қолдау болып отырған келісімдерді жүзеге асыру бойынша Қазақстанның үлкен жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның экономикалық тартымдылығы да атап көрсетілді.

Виза мәселесін ілгерілету тұрғысында Еуроодақ Кеңесіндегі испандық президенттіктің өкілдерімен болған кездесудің де маңызы зор болды, ол тарап та Еуроодақпен келіссөз үдерісін бастау жөніндегі Астананың бастамашылығына қолдау білдірді.

Бейсенбі, ақпанның 25-інде Рәпіл Жошыбаевтың Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрлігінің басшысы Дитер Воутерсен кездесуі өтті. Дипломаттар жоғары деңгейде, сондай-ақ сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы оң динамиканы атап көрсетті. Екі маңызды аймақтық бірлестіктің - 2010 жылы Қазақстан төрағалық етіп отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен келесі жартыжылдықта кеңесіне Бельгия төрағалық еткелі отырған Еуропалық одақтың өзара ынтымақтастығы да келіссөзге арқау болды. Р.Жошыбаев, ағымдағы жылдың екі мемлекетке де үлкен жауапкершілік жүктеп отырған ерекше жыл екенін атап көрсетті.

Әңгіме барысында тараптар Астананың 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін шақыру бастамасына да ерекше тоқталып өтті. Еуроодақтың бірқатар жетекші елдерінің қазақстандық бастамаға қолдау білдіргенін айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар