2010 жылдағы басты міндет - ел экономикасының еселі даму жолына негізделген заңдарды қабылдау - Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов

;АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылдағы басты әрі жауапты міндет - ел экономикасының еселі даму жолына негізделген заңдарды қабылдау.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа жылғы алғашқы отырысын ашу барысында палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында палата Төрағасы былтырғы 2009 жылдың Қазақстан үшін табысты өткенін атады. Оның айтуынша, өткен жылы ел экономикасы дағдарыстан аман-есен шығып, жалпы ішкі өнімде аз болса да даму белгісі көрінді, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында да біршама шаралар іске асырылды. Сонымен бірге, Төраға 2009 жылы зейнетақы мен бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы өскенін, «Жол картасы» бағдарламасының аясында көптеген жұмыс орындары ашылғанын тілге тиек етті. Былтырғы жылы әлеуметтік және тұрғын үй саласында қордаланған көптеген мәселелер шешімін тапқанын атады. «Ендігі жаңа 2010 жыл үш ел бірлесіп құрған Кедендік одақтың тұсауын кесіп отыр. Биыл Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа кіріседі. Бұл еліміз үшін аса маңызды оқиға болып табылады. Сонымен бірге, 2010 жылы алдымызда көптеген жауапты міндеттер тұр. Олардың ең бастысы - ел экономикасының еселі даму жолына негізделген заңдарды қабылдау. Экономиканы жетілдіру арқылы халықтың тұрмысын да жақсарта аламыз, әлеуметтік салаға да қолдау жасайтын боламыз», деген О. Мұхамеджанов әріптестеріне табысты еңбек тіледі.

Соңғы жаңалықтар