2010 жылдағы бюджетті нақтылау кезінде 11 млрд. теңгеден астам қаржыны ауызсу бағдарламасы аясында қарастыру қажет

ілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылдағы бюджетті нақтылау кезінде 11 млрд. теңгеден астам қаржыны ауызсу бағдарламасы аясында қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында таратылған мәліметтерде айтылған.
None
None

«Қаржы министрлігіне ауызсу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 2010 жылдағы бюджетті нақтылау кезінде 11 млрд. 568 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қарастыру керек», - делінген таратылған мәліметтерде. Атап айтқанда, 1023 млн. теңге ауылды елді мекендер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге, 1000 млн. теңге қалалардағы зерттеу жұмыстарына, 5880 млн. теңге геологиялық барлау жұмыстарын игеруге, сондай-ақ 3665 млн. теңге ауылды жердегі жаңа нысандардың құрылысына жұмсау үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар