11:17, 21 Маусым 2010 | GMT +5
2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсімі 8 пайыздан астамды құрайды - К. Мәсімов
;АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің пікірінше, 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсімі 8 пайыздан астамды құрайды.

«Қазір Қазақстан экономикасы айтарлықтай сенімді қарқынмен қалпына келуде. 2010 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстан экономикасының өсімі 8 пайыздан астамды құрады. Менің ойымша, жартыжылдықта осындай цифр сақталатын болады», деді Үкімет басшысы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында.