2010 жылдың бірінші жартысында Вьетнамның экономикасы қарқынды түрде қайта қалпына келді - Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі Ву Тхе Хиеп

СТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылдың бірінші жартысында Вьетнамның экономикасы қарқынды түрде қайта қалпына келді.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған кездесуінде Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ву Тхе Хиеп мәлім етті.

«Бірінші жартыжылдықта ІЖӨ 6,16 пайызды құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 2,7 пайызға, өнеркәсіп пен құрылыста -6- 6,7 пайызға, қызмет көрсетуде 6,8-7,2 пайызға артты», - деп атап өтті Ву Тхе Хиеп.

Елші сондай-ақ, Вьетнам үкіметі ішкі нарықтағы бағалардың тұрақты болуын қадағалап отырғандығын жеткізді, жылдың алғашқы жартысында инфляция 7 пайыздың маңайында болды. Сонымен бірге бюджеттік түсімдер артып, экспорт 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7 пайызға немесе 32,1 миллиард долларға ұлғайған. Аталмыш уақыт аралығында шетелдік инвестициялардың көлемі 8,43 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 29,4 пайызға көп.

Ву Тхе Хиеп сондай-ақ, Вьетнамның Премьер-Министрі Нгуен Зунгтың өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстанға жасаған сапарынан кейін екі ел арасында көптеген салалар бойынша ықпалдасу үрдісі жандана бастағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар