2010 жылдың республикалық бюджеті 139 млрд. теңгеге өсті - Қаржы министрі

АСТАНА Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2010 жылдың республикалық бюджеті 139 млрд. теңгеге өсті. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Отырыста «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды таныстырған Б. Жәмішев 2010 жылдың республикалық бюджетіне түскен қаржының 3 трлн. 517 млрд. теңгеге дейін өскендігін мәлім етті. «Қолданыстағы бюджетпен салыстырғанда, бұл 139 млрд. теңгеге немесе 4,1 пайызға артық. Осылайша, 2010 жылдың нақтыланған бюджеті 3 трлн. 517 млрд. теңгені құрады. Шығыстар 4 трлн. 321 млрд. теңге, ал бюджет тапшылығы 803 млрд. теңгені құрады», деді Б. Жәмішев.

Сондай-ақ, қаржы министрі атап көрсеткендей, аталған заң аясында үлескерлердің бүгінгі мәселесін шешуге 17,7 млрд. теңге бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар