2010 жылдың соңына дейін теңге тағы да құнсызданады деуге еш негіз жоқ

«Теңге 2011 жылы тағы девальвацияға ұшырай ма?» деген сұраққа Ә. Сәйденов, «бұл өте күрделі сауал, оған қарапайым жауап беру мүмкін емес. 2011 жылы туралы айту әлі ертерек. Ұлттық банктің 2011 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын күтейік, онда теңгенің тұрақтылығына жауап беретін мемлекеттік органдарға баға берілетін болады. Ал 2010 жылы теңге тағы да девальвацияға ұшырайды деуге ешқандай негіз жоқ», деп жауап берді.
Оның сөзіне қарағанда, БТА банк сыртқы қарызын қайта құрылымдау кезінде шетелдік кредиторларына арнап облигациялар шығарған. Сөйтіп, кредиторлар доллар, еуро және теңге арасында таңдау жасай алған. «Теңге бойынша ставка жоғары болды. Біз таңқалдық: кредиторлар, олар ірі батыстық банктер, 32 млрд. теңгеге теңгелік облигациялар таңдап алды. Әрине оларды теңгелік облигациялар бойынша барынша пайдалы ставка тартты. Алайда бұл ретте олар орта мерзімдік перспективада теңгенің тұрақтылығына сенетіндігін айтқым келеді, деді, Ә. Сәйденов.