2010 жылға арналған жоспар 42 заң жобасын әзірлеуді көздейді

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылға арналған жоспар 42 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің ҚР Парламенті мен мәслихаттардағы заңнамалық және нормалар шығару қызметі жөніндегі комиссияның отырысында Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылға арналған жоспар 42 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Олардың ішінде 11 жеке заң жобасы, сондай-ақ 31 заң жобасы қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», деп атап өтті вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 42 заң жобасының 9-ы Парламентке енгізілді, 7-уі Үкіметте, 16-сы мүдделі мемлекеттік органдарда келісу үстінде, ал қалған 10 заң жобасы жұмыс топтары аясында әзірлену үстінде.

«Жоспар жобасын қалыптастыру барысында заң жобаларын айлар бойынша үйлестіру кезінде олардың күрделілігі мен шығындылығы негізге алынды», деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, алайда, объективті және субъективті себептерге байланысты заң жобаларын әзірлеушілер тарапынан жеткілікті дәрежеде пысықталмауына және жоспарда көзделген жеке заң жобаларын реттеудің күрделілігіне байланысты оларды Парламентке енгізу мерзімдерін кейін шегеруге тура келді. «Айталық, қазіргі таңда 2010 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында 3 заң жобасы бойынша енгізу мерзімдері ауыстырылды. 10 заң жобасы тұрғысында мерзімдерін ауыстыру туралы Үкіметтің қаулы жобасы әзірленді. Сондай-ақ 2 заң жобасы жоспардан алынып тасталатын болады (Лотерея туралы және оған ілеспелі заң жобасы).

Осы орайда вице-министр Үкіметтің заң жобалау қызметін үйлестіруші ретінде Әділет министрлігі өз тарапынан жоспарды орындаудың келесі кезеңдерінде мұндай жағдайды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар