2010 жылғы егістік жұмыстары кезінде егіс науқанына қолданылған дизель отынының тәртібі сақталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2010 жылғы наурыз-мамыр айларында 330 мың тонна көлемде жеткізілген арзандатылған дизель отыны 18 млн. гектар аумаққа тиімді агротехникалық мерзімінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасады.
None
None

Сонымен қатар негізгі ауыл шаруашылығы дақылы-астықты нарықта сату бұрынғысынша қиындап тұр, негізгі экспортық өнім - астықтың бағасының өзіндік құнынан төмендеуі қатар жанар-жағармай бағасы көтерілуде.

Осыған байланысты, егін жинауды қамтамасыз ету мақсатында АШТӨ-лер үшін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезеңіндегі тәртіп бойынша жеңілдетілген бағамен қалдырылып, негізгі ресурс ұстаушылар арзандатылған дизель отынын облыстардың белгілеген операторларына мұнай өңдеу зауыттарынан тікелей жіберуде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының шілде айындағы бағасы белгіленді.

Егін орағы жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына аграрлардың қажеттілігі, алдыңғы жылдардағы сияқты 400 мың тонна шамасын құрайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мұнай және газ министрлігі бірлесіп АШТӨ-ге арзандатылған дизель отынын жеткізу кестесі белгіленді.

Облыстарда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті арзандағылған дизель отынын жеткізуші операторлар белгіленіп, оларға белгіленген көлемдегі дизель отынына уақтылы төлемақыны төлеуді және дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Бүгінгі күні облыс операторлары дизель отынын жеткізушілермен келісімшартқа отыру жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар