14:36, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап индустриялық-инновациялық дамудың 5 жылдығын бастаймыз - Елбасы
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуы стратегиясы аясында жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың 5 жылдығын бастаймыз.

Бүгін Астанада, Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ-ші съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барлық елдер өткен ғасырдың басында индустрияландырудан өтті. Кеңес одағында индустрияландыру 30-шы жылдары болды. Атап айтқанда, бұл индустрияландыру шаралары бізге жарамайды. Бізге инновациялық индустрияландыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміздегі индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі дамуының ахуалына сәйкес келуі керектігін айтты. Қазақстанның инновациялық-индустриялық мақсаттарын орындау үшін нақты мүмкіндіктерге сай шаралар атқарылуы қажет екенін жеткізген Елбасы, «Біріншіден, индустриялық кәсіпорындардың тауарлары сатылып, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бұл бірінші талап», - деді.