2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады - ҚР Үкіметінің қаулысы

 АСТАНА. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.
None
None

ҚазАқпарат қаулының мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы

 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы сәуірдің 25-індегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 2010 жылғы қаңтардың 1-інде әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын тұлғалардың еңбекке қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылған жағдайында 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің белгіленген мөлшері 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.Мәсімов

Астана, Үкімет үйі, 2009 жылғы желтоқсанның 25-і № 2185

Соңғы жаңалықтар