2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері артады - ҚР Үкіметінің қаулысы

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері артады.
None
None

ҚазАқпарат қаулының мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы мөлшерін арттыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы маусымның 20-сындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2010 жылғы қаңтардың 1-іне дейін белгіленген зейнетақыларды төлеу бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап барлық зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы және арнайы атақ берілген және оларға ішкі істер органдары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қолданылатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің өткерген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен жиырма бес пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

  

  Астана, Үкімет үйі,2009 жылғы желтоқсанның 25-і№ 2186

Соңғы жаңалықтар