2010 жылғы сыртқы қарызды құрылымдау есебі сәуір айында жарияланады - Ұлттық банк төрағасы

АТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сыртқы қарызды құрылымдау есебі төлем балансы қорытындысының кеш шығатынына байланысты сәуір айында ғана жарияланады.
None
None

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

"Мемлекеттік кепілдендірілген қарыз, жеке сектордың қарызының 2010 жылғы 9 айлық көрсеткіші Ұлттық банк сайтында бар. Ал жылдың жалпы қорытындысы сәуір айында жарияланады. Жалпы сыртқы қарыз былтыр айтарлықтай азайды", -дейді Григорий Марченко.

Жалпы былтыр "Альянс банк", "Темір банк" және "БТА банк" АҚ-лары сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдауды аяқтады. Соның нәтижесінде олардың сыртқы берешектерінің бір бөлігі есептен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар