2010 жылы астаналық «Нұр Отан» партиясының қатарынан 3063 мүше шығарылды - есеп беру-сайлау конференциясы

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы астаналық «Нұр Отан» партиясының қатарынан 3063 адам шығарылды, оның 18 -і жемқорлық әрекеттері үшін.
None
None

Бұл туралы бүгін партияның елордалық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясында мәлім болды.

Елордалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рақымжановтың айтуынша, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, қалалық партиялық ұйым мүшелерінің саны 30 054 адамды құрады. Партия қатарын арттыру жұмыстарының нәтижесінде 2010 жылы 9571 адам жаңадан қабылданды.

«Онымен бірге, былтыр партия қатарынан 3063 адам шеттетілді. Соның ішінде 95 пайызы - партия жарғысын сақтамағаны және партия жарналарын төлемегені үшін, 3,4 пайызы - уақытында есепке тұрмағаны және партиямен байланысты үзгені үшін, 0,6 пайызы - жемқорлық әрекеттері және 1 пайызы - басқа себептерге байланысты шығарылды», - деді Ә.Рақымжанов.

Сондай-ақ, 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін Астанада 267 бастауыш партиялық ұйым жұмыс істеді. 2010 жылы мүшелік жарналардан - 17 528 299 теңге (2009 жылы - 13 517 919 теңге) түсім түсті.

Соңғы жаңалықтар