2010 жылы білім саласын қаржыландыру жалпы ішкі өнімнің 4,1 пайызын құрады - Б. Жұмағұлов

АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Былтырғы жылы білім саласын қаржыландыру көлемі 51 млрд. теңгеге өсіп, 797 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл жалпы ішкі өнімнің 4,1 пайызына тең. Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуныша, соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны да жоғары қарқынмен көбейген. Мәселен, 2010 жылы олардың саны 6 мың 446-ға жетіп, бір жылдың ішінде 1 мың 878 бірлікке өскен. Бұл 2009 жылға қарағанда 41 пайызға артық көрсеткіш. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың жалпы саны 446 мыңды құраса, оларды қамту 41,6 пайызды құраған.

«Ал орта білім беретін 7 мың 516 мектепте 2,5 млн.-ға жуық бала білім алуда. Былтыр 93 мектеп салынды, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде барлығы 103 мектеп іске қосылды», - деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар