11:28, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
2010 жылы еліміздің сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға ұлғайып, 81,3 млрд. АҚШ долларын құрады
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы еліміздің сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға ұлғайып, 81,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылдағы қорытындысы мен ағымдағы жылғы міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.
Сыртқы сауда айналымының өсуі негізінен экспорттың 32,5 пайызға ұлғайып, 57,2 млрд. АҚШ долларына жетуіне байланысты болып отыр», - деп атап өтті министр.
Оның сөзіне қарағанда, экспорт көлемінің импорттан елеулі деңгейде артуы сауда балансының 33,2 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі оң сальдосын қамтамасыз етті. Бұл көрсеткіш 2009 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,2 есеге жоғары.