2010 жылы Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18,5 пайызын Кеден одағы елдері құрады

АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылы Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18,5 пайызын Кеден одағы елдері құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысы мен ағымдағы жылғы міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Былтырғы жылдың басты жаңалықтарының бірі Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің қатысуымен Кеден одағы өз қызметіне кірісті. Тоқтала кететін жай, 1993 жылдан бері қарай Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестицияның 70 пайызға жуығы, яғни 120 млрд. доллардан астам қаражат өнеркәсіп секторына тиесілі болғаны белгілі. Ал өңдеуші сектордағы тікелей инвестиция көлемі 10 пайыздан аспады. Осы тұрғыдан алғанда, Кеден одағын құру ең алдымен экономиканы әртараптандыру, өңдеуші секторға инвестиция тарту бойынша міндеттерді шешуге бағытталды. Жалпы бұл міндетті тауарлар мен қызметтерді тұтыну нарығын кеңейтпей жүзеге асыру мүмкін емес болатын», - деді Ж. Айтжанова.

Министрдің сөзіне қарағанда, Кеден одағының жұмыс қорытындысына сәйкес, 2010 жылы қазақстандық өнімнің Ресейге экспорты 36 пайызға артқан. «Ал Кеден одағы мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымының ауқымы 28,1 пайызға дейін өсіп, 16,5 млрд. долларды құрады. Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18,5 пайызын құрайтын көрсеткіш», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар