2010 жылы Павлодар облысында 232 мың тонна дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар жиналды - статистика

оның 83,7 пайызы - бидай, деп хабарлады статистика басқармасының баспасөз қызметінен. Оған қоса, 92 мың тонна - көкөніс, 229 мың тонна - картоп, 40 мың тонна - майлы дақылдар жиналды.
Астықтың негізгі бөлігі, жалпы өнімнің 31,2 пайызы - Железин ауданында, 27,2 пайызы Ертіс ауданында өсірілді.
Ал облыс бойынша өндірілген картоптың ең көп өнімі, 24,8 пайызы - Ақсудың селолық аумағында, 22,7 пайызы Павлодар ауданында жиналды. Көкөністің тең жартысы да - Павлодар ауданында, ал күнбағыстың жартысы Қашыр ауданында өсіріліп отыр.
Барлық дәнді және бұршақ тұқымдас өнімдерінің және көкөністің жартысынан астамын, сондай-ақ майлы дақылдардың 85 пайызын шаруа (фермерлік) шаруашылықтар өндірсе, картоптың 54 пайызы тұрғындардың жеке шаруашылықтарында жиналып отыр.