2010 жылы Ресей Білім және ғылым министрлігі 150 қазақстандыққа мемлекеттік грант бөліп отыр

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Биыл Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі ресейлік жоғары оқу орындарында білім алу үшін 150 қазақстандыққа мемлекеттік грант бөледі.
None
None

ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, Ресейдің Білім министрлігі қазақстандық азаматтар үшін білім гранттарын Қазақстанмен білім саласындағы ықпалдастықты нығайту мақсатында, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының тапсырысы бойынша бөліп отыр.

Қазақстан Республикасының азаматтарына білім беру ақысыз негізде жүзеге асырылып, оларға базалық шәкіртақы төленетін болады. Сонымен бірге, оларды федералдық бюджет есебінен оқып жатқан ресейлік азаматтармен бірге тең жағдайда жатақханаға орналастыру қарастырылған.

Медициналық қызмет көрсету қазақстандық студенттердің өз қаржысына сатып алынған медициналық сақтандыру полисі негізінде көрсетіледі.

Ресейлік білім гранттарын иелену үшін байқауға қатысу шарттары туралы толық мәліметті 8 (7172) 550-123, 550-132, 74-23-90, 74-23-90 телефондары арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар