2010 жылы теңгенің айырбастау бағамының таргеттелетін орташа мәні 1 АҚШ доллары үшін 150 теңге деңгейінде сақталады - Ұлттық банк төрағасы

sp;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін   Алматыда ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко 2010 жылғы ақпанның 5-і мен 2011 жылғы наурыздың 20-сы аралығындағы теңге бағамының дәлізін  мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас банкирдің айтуынша, әлемдік тауар және валюта нарықтарындағы ахуалды ескере отырып  бағам  белгілеудің икемділігін арттыру үшін  жағдайлар жасау мақсатында теңгенің ауытқуларының дәлізі + 15 теңге (10 пайыз) және - 22,5 теңгеге (15 пайыз) дейін кеңейтіледі. Теңге бағамындағы басым үрдістер АҚШ долларының еуроға қатысты бағамының, Ресей рублінің осы екі валютаға қатысты бағамының динамикасына, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағаларға, сондай-ақ республиканың төлем балансының жай-күйіне байланысты болады.

"Бұл дәліз 2010 жылғы ақпанның 5-інен бастап 2011 жылғы наурыздың 20-сын қоса алғанда белгіленеді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының таргеттелетін мәнін немесе ауытқулары дәлізінің шектерін өзгерту әлемдік валюта және тауар нарықтары көрсеткіштерінің динамикасындағы ұзақ мерзімді үрдістердің күрт өзгеруі кезінде ғана ықтимал. Егер Ресеймен салыстыратын болсақ, Ресейде 1 АҚШ долларына шаққанда рубль бағамы +15, -27,5  аралығында деп белгіленіп отыр",  дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар