2010 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің ел кәсіпорындарына жүргізген тексерісі 70 пайызға көп болды - Алқа мәжілісі

Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ-нің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған алқа мәжілісінде ведомствоның Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Ахметов мәлім етті.
С. Ахметов атап көрсеткендей, тексерістердің 70 пайызға артуы мұнай өндіру кәсіпорындарындағы жоспардан тыс тексеріске байланысты болды. Онымен бірге, салынған айыппұлдар 36,7 млн. теңгеден 77 млн. теңгеге дейін артқан. «Мексика шығанағындағы апаттың, Ресей, Қытай және Түркиядағы көмір шахталарында болған төтенше жағдайларға байланысты республикадағы мұнай өндіру және көмір кәсіпорындарында мұндай апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Мексика шығанағындағы төтенше жағдайдан кейін барлық дерлік ірі мұнай компанияларында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді»,-деді ол.