2010 жылы зейнетақының орташа мөлшері 21 мың 381 теңге болады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасында зейнетақының орташа мөлшерін 2,5 есе ұлғайту көзделген. 2007 жылмен салыстырғанда зейнетақының орташа мөлшері, базалықты есептемегенде, 2009 жылы 58 пайызға ұлғайып, 17 мың 105 теңгені құрады. Болжам бойынша зейнетақының орташа мөлшері 2010 жылы 21 мың 381 теңге, 2011 жылы 27 мың 796 теңге болады», деді бүгін Астанада «Нұр Отанның» әлеуметтік-экономикалық саясатының жүзеге асырылу мәселелеріне арналған брифингте партияның Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Әбдішев.
Н. Әбдішев Халықтық тұғырнамада мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшерін өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 50 пайызына дейін жеткізу көзделгенін атап көрсетті. «Ағымдағы жылғы қаңтардың 1-інен бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ұлғайтылды. Оның мөлшері 5 мың 388 теңгені құрайды және 2007 жылмен салыстырғанда өсім 52 пайыз. Мемлекеттік базалық зейнетақының шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызына жеткізу Халықтық тұғырнамада қарастырылған. Біз 2009-2010 жылдары бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін, 2011 жылы 50 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз», деді ол.