2010 жылы Жамбыл облысына есірткі бизнесімен күресу үшін 10 млн. теңге бөлінеді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2010 жылы Жамбыл облысының бюджетінен есірткі бизнесімен күреске 10 миллион теңге бөлінеді. Бұл ақпарат Жамбыл өңірінде өткен «Көкнәр-2010» республикалық кең ауқымды жедел алдын алу операциясы барысында айтылды.
None
None

Жамбыл облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұржан Қалметовтің ақпараты бойынша, бұл қаражат Шу алқабын күзететін бөлімшені техникалық жарақтандыруға бағытталмақ.

«Ағымдағы жылы ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесімен күрес тиімділігін арттыру үшін Жамбыл өңіріне қосымша 3 «Нива» көлігін бөлді», деп атап өтті Н.Қалметов.

Қазіргі таңда сарапшылар заңсыз есірткі айналымына қатысы бар қылмыстық құрылымдардың ұйымшылдығын, олардағы жақсы техникамен жарақтануы, заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейі жоғары екендігін атап өтуде.

ҚР ІІМ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы мемлекет бюджетінен есірткі тасымалымен күрес іс-шараларына және ел шекарасын нығайтуға 2009-2011 жылдарға арналған нашақорлықпен күрес мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 миллион теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар