2010 жылы Жамбыл тауарлы биржасында 1 мыңнан астам лот сатылды

Биржа директоры Кеңес Баударбековтың айтуынша, осымен жұмыс істегенеіне 15 жыл болған Жамбыл биржасында алғашқы жылдары мәмілелер аз жасалса, қазір биржа біртіндеп дамып келеді.
«Кәсіпкерлердің, әсіресе батыс облыстары кәсіпкерлерінің біздің биржаға деген ықыластары артып келеді», - дейді биржа директоры. Ол сондай-ақ, саудаға қатысушылардың барлығы қажетті консультациялар алатынын жеткізді.
«Олардың көбісі саудаға алғаш рет қатысатындықтан, олар сауданың өткізілу тетігімен танысуға мүдделі. Оның үстіне бюджеттік ұйымдар да биржа арқылы сатып алулар жүргізе бастады», - дейді К.Баударбеков.
Оның айтуынша, биржа саудаға шығарылатын тауардың сапасы үшін де жауап береді.
«Тауарды биржа арқылы сату кезінде тауар сапасының сертификатын көрсету керек. Мұны заң талап етеді - биржаға сатылымға шығарылатын тауар нормативтік талаптарға және қолданыстағы стандарттарға жауап беруі тиіс», - дейді Жамбыл облыстық тауарлы биржасының директоры К.Баударбеков.