2011-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикалық өсімі бойынша алғашқы үш мемлекеттің қатарында болады

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикалық өсімі бойынша алғашқы үш мемлекеттің қатарында болады.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: Тәуелсіздікке 20 жыл және жаңа міндеттер» атты экономикалық форум барысында Ernst&Young аудиторлық компаниясы Қарқынды дамушы нарықтар орталығының басшысы Алексей Карклин-Марше білдірді.

«Біз Қазақстан әлемдік нарықтағы айтарлықтай маңызды ойыншыға айналып келе жатыр деп санаймыз. Сонымен қатар шындығында да өсім әлеуеті бар. 2001-2015 жылдар аралығында біз Қазақстан өсім бойынша алғашқы 3 елдің тізімінде қалады және алдағы 5 жылдықта жеті пайыздық өсімге қол жеткізеді деп санаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан экономикасының өсіміне табиғи ресустардың әсері мол болатындығын атап өткен оның пайымынша, қазіргі таңда еліміз ТМД өңіріндегі бизнес жүргізуге өте қолайлы мемлекетке айналып отыр.

Бұл орайда бизнес жүргізу мүмкіндіктерін одан ары жақсарта түсу керектігін атап өткен ол: «Қазақстанда шетелдік инвестициялар тарту үшін жақсы жағдай қалыптасқан. Бұл бүгінгі күні және сіздер алдағы 5 жылда да елдегі өте жақсы жағдайға ие боласыздар», деді.

Соңғы жаңалықтар