2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің жаңа бағдарламасы әзірленеді

ілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыз сумен қамтамасыз етудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишембаев мәлім етті.
None
None

«Жыл соңына дейін Ауыл шарушылығы министрлігі мен Тұрғын үй коммуналдық шаруашлығы жөніндегі агенттігіне барлық техникалық мәселелерді қарастыру тұрғысында 2011 жылға қарай қаржыландыруды бастау үшін ауылды және қалалы жерлердегі жобаларды зерттеу жұмыстарын аяқтау қажет», - деді Қ.Бишембаев.

Оның сөзіне қарағанда сумен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай жобалардың тізімін бекіту және қалыптастыру үшін ведомствоаралық комиссияны құру қажет. Өз кезегінде Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр К.Мәсімов бюджеттік циклға ену үшін бұл бағдарламаны биылғы жылғы тамыздың 15-іне дейін әзірлеуді жүктеді.

К.Мәсімовтың сөзіне қарағанда, аталған ведомствоаралық комиссияны Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқаратын болады.

Қ.Бишембаевтың айтуынша, сумен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын әзірлеуге Қаржы министрлігінен 2020 жылға дейін жыл сайын 90 млрд. теңге бөлу мәселесі қарастырылған (60 млрд. теңге республикалық бюджеттен және 30 млрд. теңге жергілікті бюджеттен).

Соңғы жаңалықтар