2011 жыл Қазақстанның сыртқы саясаты үшін аса жемісті әрі сәтті жыл болды - СІМ

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «2011 жыл Қазақстанның сыртқы саясаты үшін аса жемісті әрі сәтті жыл болды»,
None
None

деді бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте.

Оның сөзінше, Қазақстан халықаралық қатынастардың жауапты субъектісі ретінде абыройын нығайта түсті. «Биыл Елбасы ұсынған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы жемісті аяқталды. Қазақстан Еуроодақпен кеңейтілген әріптестік жөніндегі жаңа келісім жасады. Ал Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 50 пайызға жуығы Еуропалық одақ мемлекеттерінің үлесіне тиетіні белгілі. сонымен қатар еліміз ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің қатарында Ресей мен Норвегиядан кейін үшінші мұнай тасымалдаушы елдердің бірі болып отыр. Бұған қоса еліміз үлкен сегіздікке кіретін 6 мемлекетпен стратегиялық әріптестік орнатты. Олар Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Жапония және Италия мемлекеттері»,-деді ресми өкіл.

Үстіміздегі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығымыз аяқталды. Ол да сәтті болды. 15-ші маусымда өткен Астанада ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшыларының кеңесінің мерейтойлық Саммиті өтті. Тәуелсіздікке 20 жыл толғалы бері БҰҰ-нан кейінгі екінші ірі халықаралық ұйым және Ислам мемлекеттерінің маңызды форумы болып табылатын Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі де Қазақстанның еншісіне тиді.

«Ислам ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 28-30-шы маусымында Астанада 38-ші сессиясы да өте маңызды болып өткеніне тағы назарларыңызды аударғымыз келеді. Форумда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламасы қалың көпшілікке қатты ұнады. Қабылданған декларациясы 21-ші ғасырда мұсылман әлемі дамуының негіздері ретінде жаңартумен реформалауды жариялайтын ұйымның ең озық құжатына айналғаны белгілі»,-деді А.Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар