2011 жылдың 22-23 қараша күндері аралығында Парижде Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 150-і сессиясы өтуде

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Халықаралық көрмелер бюросының мерейтойлы 150-і Бас Ассамблеясында қазақстандық делегация EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізуге қабылдаушы мемлекет позициясына үміткер ретінде өз кандидатурасын қорғауда.
None
None

Қазақстан өзінің тұсаукесерін Бельгияда ұсынбақ, оның Льеж қаласы осы көрмені өткізу құқығына ие болуға үміттенуде, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму жне сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясын EXPO-2017 жобасы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқаруда. Сондай-ақ делегация құрамында Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова, EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту және ілгерілету жобасының Ұлттық үйлестірушісі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев, Астана қаласы Әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков бар.

Өзінің 30-минутттық тұсаукесерінде Қазақстан жағы EXPO көрмесін өткізу аумағының 3-D форматындағы моделін ұсынды. Ал ХКБ делегаттары Астананың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері жайында біліп қана қоймай, Қазақстан елінің осынау кең көлемдегі көрмені өткізуге дайындығы туралы хабардар болды.

Сонымен қатар ерекше орын көрме тақырыбына берілген. Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа EXPO-2017 көрмесін өткізу барысында "Болашақ энергиясы" атты тақырыпты ұсынады. Аталған тақырып қазіргі кезде адамзат үшін өзекті мәселеге айналып бара жатқан энергия сақтау проблемасын ашып көрсетуге мүмкіндік берері сөзсіз.

Қазақстандық делегацияның басшысы Ө.Е. Шөкеевтің айтуынша: «Қазіргі шақта Қазақстан - мұнай, газ, уранға бай мемлекеттердің бірі бола тұра, біз осы байлықтардын бір кездері сарқылатынын түсінеміз. "Болашақ энергиясы" тақырыбы Қазақстанға жаңа технологияларды тартудың жақсы жолы, сондай-ақ ғылыми-техникалық ойды дамытуға түрткі болары сөзсіз».

Біздің ел 14 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып келеді, осы уақыт аралығында Қазақстан өзін белсенді қатысушы ретінде көрсетіп, Аичи, Сарагоса, Шанхай қалаларында өткен көрмелерді нәтижелі өткізуге қомақты үлесін қосты. Қазір мемлекетіміз Кореянің Ёсу қаласында өтетін EXPO-2012 көрмесіне дайындалу үстінде.

Еліміз EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленсе, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. Ұсынылып отырған EXPO-2017 көрмесі 3 айға - 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылады деп жоспарлануда. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралық ұйым қатысады, көрмеге 5 миллион адам келеді деп күтілуде.

Сондай-ақ бағдарламада EXPO-2020 көрмесін өткізуге үміткер болған Түркия (Измир), Таиланд (Аютая), Ресей (Екатеринбург), БАӘ (Дубаи), Бразилия (Сан-Паулу) сынды бес елдің баяндамалары бар.

Соңғы жаңалықтар