2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5 мың теңгелік банкнот айналысқа шықты

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат  - ҚР  Ұлттық банкі 30 желтоқсаннан бастап 2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5000 теңгелік банкнот айналысқа шығарды.
None
None

   Банкноттың өлшемі 144х76 мм қағазда дайындалған. Бет жағында басым түс қызыл, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Сырт жағында: қызыл мен көк түстер басым, суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан.

Банкноттың оң жағында  «Қазақ Елi» монументі, ортада ұшып жүрген көгершіндер мен барыстардың суреті, жоғары бөлігінде мемлекеттік елтаңба бейнеленген.  Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада - номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. Сол жақ жоғарғы бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген және оның астында қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазулар бар.

Сырт жағының негізгі бейнесі - Қазақстан картасының пішіні. Алдыңғы бөлікте Іле Алатауы аясында Алматыда орналасқан тәуелсіздік монументінің ең жоғары бөлігі, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты. Оң жақ бөлігінде алма және көгершін бейнеленген голографиялық жолақтар бар. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнот номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортада - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығарушы банктің логотипі орналасқан.

Соңғы жаңалықтар